Жаңалықтар
«КАЙРАТ» - «ЖЕТІСУ» 3:0
1 Шілде, 2020
332

Үш айлық үзілстен кейін, Алматы қаласында футболдан Премьер Лига командалары арасында ҚР ОLIMPBET-Чемпионатының 3 туры ойыны өтті.
Алматылық «Қайрат» командасы өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алаңа иелері ойынның алғашқы минуттарнан ақ басымдық көрсетіп, қақпаға бірнеше қауіпті сәттер туындатып, шабуыл жасады. Толассыз шабулдардың салдарынан есеп ашылып, жетісулықтардың қақпасына алғашқы гол енгізген қайраттық ойынша Камо Огонесян өз командасын алға шығарды. Жауап ретінде жетісулықтар екі рет қайраттық қақпаға қауіпті сәттер туғызған еді, сәтсіз шықты. «Қайрат» командасының еншісіне жазылған Екінші голдың авторы Конраду Вржещиньски. Ойынның соңғы минуттарында қайраттықтар 3 гол салып, ойын тағдырына нүкте қойды. Гол авторы қайраттық легионер Артур Шушенавич.