FC ZHETYSU

Жаңалықтар

ҚАЙРАТ АЙМАНОВ: «АЯҚ АСТЫНАН ӨЗІМІЗГЕ ЕКІ ГОЛ КІРГІЗІП АЛДЫҚ»
30 Қыркүйек, 2018 ҚАЙРАТ АЙМАНОВ: «АЯҚ АСТЫНАН ӨЗІМІЗГЕ ЕКІ ГОЛ КІРГІЗІП АЛДЫҚ» 123
ҚАЙРАТ АЙМАНОВ: «АЯҚ АСТЫНАН ӨЗІМІЗГЕ ЕКІ ГОЛ КІРГІЗІП АЛДЫҚ»
«Жетісу» ФК Бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Айманов «Астана» командасымен болған кездесу туралы пікір білдірді.

 - Бүгін біз қорғаныста чемпион командамен ойнадық. Өте қызық команда, бірақ біз фиісті футбол ойынын көрсете алмадық. Ойында бір қаттылық болды, бәрі қысылып қалған сияқты, тура құлдықта жүргендей бір қорқыныш болған сияқты. Сондықтан бірінші кезеңде біз үшін аса жақсы ойын бола қоймады. Алғашқы кезеңде қарымта шабуылда бір екі мүмкіндік болды, бірақ ондай көп емес. Екінші таймға келер болсақойыншыларды алмастырдық, шабуылға да шықтық, Степанюк шыққан соң тәуірлеу шабуылға шығып еді, алайда бұл нәтиже бермеді. Сол қапталдағы орталық ойыншымыз Касрадзе жарақат алып, сол себепті ойынға біршама өзгеріс енгізуге тура келіп еді, аяғы өкінішке соқтырған қателіктерге жол беріп қойдық, аяқ астынан өзімізге екі гол соқтырып алдық. Соңғы нәтиже осылай болды.

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2018 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2018 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru