FC ZHETYSU

Жаңалықтар

«ЖЕТІСУ» - «ОРДАБАСЫ» - 4:2
14 Мамыр, 2018
«ЖЕТІСУ» - «ОРДАБАСЫ» - 4:2
Х тур матч аясында «Жетісу» командасы өз алаңында «Ордабасы» командасын қабылдады.

 Турнир кестесіндегі 8 ұпай айырмашылығына қарамастан қос команда тең дәрежеде өнер көрсетті. Алаң иелері сияқты «Ордабасы» командасы маусымды сәтті бастап, соңғы ойындарда сұреңсіз нәтиже көрсетіп жүргені белгілі. Сондықтан, осы айында екі команданың жеңіске жету мүмкіндігі зор еді.
Бұл матч жетісулықтар үшін сәтті болды. Ойын барысында қақпаға 6 доп кіріп, оның төртеуі талдықорғандық команда үлесіне жазылды.
Ойынның алғашқы 20 минутында шымкенттіктер жергілікті командаға кеңінен шабуыл жасап бірінші нөмерде өнер көрсеткен еді. Алайда жетісулықтар қарымта шабуылмен допқа иелік етіп, матчтың соңына дейін бірінші номерде өнер көрсетті.
Алғашқы голды жетісулық команданың легионері, жартылай қорғаушы Камо Оганесяннан пас алған сербтік легионер Милан Бойович қақпаға тура кіргізді. Есеп 1:0. Келесі голдың авторлары да Оганесян мен Бойович жұбының байланысы есепті 3:0-ге жеткізді.
Шымкенттіктер өздерінің үлесіндегі алғашқы голын 77 минутында ғана кіргізе алды. Есеп 3:1.
Алайда жетісулықтар арада 5 минут ұзақтығында есептің басымдылығын тағыда өзгертті. Бұл жолы Литвалық легионер Мантас Куклис допты қақпаға алыстан бағыттап, тура соққы жасады. Есеп 4:1.
Негізгі ойын уақытына қосымша берліген минуттарда алғашқы голдың авторы атанған шымкенттік ойыншы Джигаури жетісу қақпасына екінші голды кіргізді. Бұл гол матчтың соңғы есебі болып тіркелді. Қорытынды есеп 4:2. 
Матч қорытындысы бойынша «Жетісу» футбол командасы айырықша есеп көрсеткішімен жеңіске жетіп, жергілікті команда жанкүйерлеріне және өз бапкер Дмитрий Огайдың туылған күніне ерекше силық жасады.
Осы жеңістің нәтижесінде «Жетісу» командасы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.
Келесі матч сырт алаңда Орал қаласының «Ақжайық» командасмен ойнайды.
 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2018 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2018 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru