JETISY FK

Жаңалықтар

АЛМАТ БЕКБАЕВ: «ҚАЛЫПҚА КЕЛУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ»
2 Шілде, 2020 АЛМАТ БЕКБАЕВ: «ҚАЛЫПҚА КЕЛУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ» 143
АЛМАТ БЕКБАЕВ: «ҚАЛЫПҚА КЕЛУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ»
"Жетісу" футбол командасының негізгі қақпашысы Алмат Бекбаев «Қайрат» командасынан жеңілу себептері туралы сұхбат берді.


«Неге ойын басы осылай сүреңсіз басталғанын білмеймін, біз алаңға жақсы көңіл күймен шыққан едік. 2 апта бұрын «Тобыл» командасымен ойнағанбыз, осы ойынның алдында жақсы спаринг керек еді, алайда, белгілі жағдайларға байланысты «Шахтер» командасымен болатын ойын өтпей қалды. «Қайтат» енгізген үш голды да өзіміз алып келдік, өкінуге уақыт жоқ. Футболды тағы да жауып тастамас үшін «Ордабасы» командасымен ойнауға дайындалып, қалыпқа келуге тырысамыз.
«Қайратпен» физикалық тұрғыда есе жібердік, гол салатын мүмкіндіктерде көп қателер жібердік. «Қайрат» жас команда. Негізінде жинақы ойнау қажет еді. Екінші гол? Оны қайтара алатын едім, соққы тым ауыр емес еді, өкінішке орай, сәтсіз болды.
Үшінші голды қайталап, мән беріп қарасаңыз, ойыншы қолмен ойнап кетті, жалпы алғанда ол еш өзгеріз әкелмейтін еді, гол есептеліп кетті. Жеңілгенімізді мойындап, нәтиже шығару қажет. Бұл матчты ұмытып, келесі матчқа дайындалу керек. Алдымызда 17 ойын күтіп тұр. Ия, 3:0 салқын тиері анық, алайда бәрі жақсы болары анық», - деп ойын қорытындылады 35 жасар қақпашы.
Еске сала кетейік, Қазақстан чемпионатының 3 турында Алматылық команда өз алаңында Талдықорғандық команданы қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Гол авторлары, Камо Огонесян, Конрад Вжесинтски мен Артур Шушеначев.
9 ұпай есебімен «Қайрат командасы» турнир кестесінде топ бастап тұр, ал жетісулықтан 4 ұпаймен 8-ші орынды қанағат тұтты.
Vesti

 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2020 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2020 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru