Футбол клубы

Жаңалықтар

Алмас Құлшынбаев: “Жетісу" жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын”
12 Қаңтар 2016

«Жетісу» футбол клубының жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Талдықорғандық команданың тізгінін ресми түрде қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев ұстады


- Алмас Жақанұлы, Cізді толық «Жетісу» клубының бас бапкері деп айтуға болады ма?

- Иә, бүгін мен ресми түрде «Жетісу» футбол клубының бас бапкері атандым.

- Командамен қанша жылдық келісім-шартқа отырдыңыз?

- Бізде облыс және клуб басшылары қазақстандық мамандарға бір жылдан ұзақ ұсыныс жасамайды. Мен де талдықорғандық клубпен бір жылға келісім-шартқа отырдым.

- Облыс басшыларымен кездесіп, келісім-шартқа отырдыңыз. Келер маусымда клуб алдына қандай мақсаттар қойылды?

- Бұл сұрақты әлі нақты талқылап үлгере алмадық. Дегенмен де, әр бапкердің міндеті - жанкүйерлерін жеңіспен қуанту ғой. Алдағы маусымда мен де «Жетісу» жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын. Мүмкін болса үздік алтылыққа кіру үшін тынбай еңбек етеміз.

- Сізден бөлек клубтың бапкерлер қосынына қандай жаңа мамандар келді?

- Менен бөлек бапкерлер қатарына Марат Есмұратов деген азамат келді. Сонымен қатар, клуб басшылары қақпашыларды дайындауға Тілеужан Әбілқасымовты шақырып отыр.

- Клуб қатарында келер маусымда қандай жаңа футболшылар болуы мүмкін?

- Мен бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Өйткені, облыс тарапынан бізге әлі нақты бюджет бөлінген жоқ. Ақша аударылғанда көретін боламыз. Дегенмен алдағы маусымда клуб сапында танымал шет елдік футболшылар болады деп айта алмаймын. Дүниежүзінде болып жатқан дағдарыс бізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Есесіне біз келер маусымда жергілікті жас футболшыларға көп көңіл бөлеміз. Сол жігіттерді мейлінше көп ойнатуға тырысамыз.

- Сұқбатыңызға рақмет. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін!




Баспасөз біз туралы (Қараулар: 794)





Клуб жаңалықтары

«Жетісу-М»

Баспасөз біз туралы

Футбол орталығы

Қазақстан футболы



Клуб бомбардирлері

Ойыншы Г (Ж)
1 Сабырхан Ибраев 4 (0)
2 Артем Касьянов 3 (0)
3 Олег Хромцов 3 (2)
4 Рифат Нурмугамет 2 (1)

Бірінші лига Екінші лига Футзал
  Командалар И Ұ
1 Қайрат «Қайрат» 11 27
2 Алтай «Алтай» 11 25
3 СДЮШОР № 7 Шымкент «СДЮШОР № 7 Шымкент» 12 22
4 Жетісу «Жетісу» 12 21
5 Тараз «Тараз» 11 20
6 Рузаевка «Рузаевка» 11 18
7 Атырау «Атырау» 11 18
8 Ордабасы «Ордабасы» 11 16
9 Шахтер «Шахтер» 11 15
10 Тобол «Тобол» 11 14
11 Астана «Астана» 11 13
12 Ертіс «Ертіс» 11 11
13 Ақтөбе «Ақтөбе» 11 10
14 Оқжетпес «Оқжетпес» 11 8
15 Ақжайық «Ақжайық» 11 5
16 Қайсар «Қайсар» 11 4
Кеңейтілген кесте
  Командалар И Ұ
Кеңейтілген кесте
  24.06.2017 Бірінші-Лига X тур
3:0
«Жетісу»
«Байқоңыр»
01.07.17 00:00 Бірінші-Лига XI тур
vs.
«Шахтер-Болат»
«Жетісу»

Соңғы турдың нәтижелері

Бірінші лига Екінші лига Футзал
10 тур. 24 Маусым
«Жетісу» — «Байқоңыр»3:0
«Екібастұз» — «Қайрат А»1:1
«Каспий» — «Шахтер-Болат»0:1
«Кыран» — «Мақтаарал»-:-
«» — «»
«» — «»

Дауыс беру

Лучшим игроком в матче с - "Кыраном"

Информационные партнеры

© 2011 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
Рейтинг@Mail.ru
© 2011 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»