FC ZHETYSU

Жаңалықтар

«ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҰЖЫМЫ АРЫСПЕН БІРГЕ!!!
26 Маусым, 2019 «ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҰЖЫМЫ АРЫСПЕН БІРГЕ!!! 93
«ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҰЖЫМЫ АРЫСПЕН БІРГЕ!!!
«Тас түскен жеріне ауыр»! «Апат айтып келмейді» дейді атам қазақ. Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін шырқамаған адам кемде кем шығар.

Бүгін сол Арыстың жағасындағы Арыс елді мекенінде орын алған төтенше жағдай жанымызға қатты батты.
Жан сақтап қашқан халықты көріп қабырғамыз қайысты...
Жылаған баланы көріп жүрегіміз сыздады...
Көзге жас алдық...
Амал қанша, апат айтып келген бе?
Бұл да бір сынақ шығар!
Бекем бол Арысым!
Біз сіздермен біргеміз Арысым, Халқым!
Біз ел басына күн туған заманда үнсіз қалатын халық емеспіз!
Біз, тағдырдың бұралаң жолында, азаматтық пен жанкештілік сыналар шақта бұғып қалатын халық емеспіз!
Еліміздің барлық жерінен келіп жатқан қаржылай қолдау мен көмектер толстар емес. Бұл халықтың сіздерге деген ықыласы мен ынтызар жүрекжарды сезімі деп білеміз. Осындай қысылтаяң шақта біз де қалыс қала алмадық. Ұжым атынан қаржылай қолдау көрсетіп, арнайы есеп шотқа аудардық.
Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабековтің сөзімен айтар болсақ «Өмірдің әр сәті – сабақ, әр күні тағылым, әр оқиғасы ғибрат, әр апаты ескерту... Біз бірге болғанда ғана мықтымыз, Тілекші болғанда ғана тұтаспыз...».
Арыстықтарға сабыр тілейміз. Жайма шуақ күндері қалпына келіп, бақытқа толы тіршілігі жалғасатынына сенімдіміз! Біз тілекшіміз! Әр шаңырақтың жарығы сөнбей, әрбір күндеріңіз беркелі болғай Қадірлі Арыстық бауырларым!
Қайтыс болған азаматтардың артында қалған жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала «шаһит» болған жандардың қатарында жәннат нәсіп етсін деп тілейміз!
БІЗ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ!


ІЗГІ НИЕТПЕН,
«ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ҰЖЫМЫ!!! 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru