FC ZHETYSU

Жаңалықтар

Футбол орталығының бапкерлерімен кездесу
5 Қараша, 2018 Футбол орталығының бапкерлерімен кездесу 943
Футбол орталығының бапкерлерімен кездесу
Бүгін «Жетісу» клубының басшылығы «Жетісу» футбол орталығының бапкерлерімен кездесті.


Клуб директоры Серік Мұқанов спорттық директор Р.Балтиев пен ФО жетекшісі А.Арыстанбаевтың биылғы жылдың жұмыстары мен айышықты жетістіктері туралы есептерін тыңдады.
А.Арыстанбаев биылғы маусымда орталықтың 2000 жылғы және 2003 жылғы тәрбиеленушілері (Бапкерлері Е.Несіпбаев пен А.Ахметбеков) финалдық турда өнер көрсеткенін мәлімдеді. Қорытындысында 2000 жылғы команда 6 орын, 2003 жылғылар 8 орын иеленген.
ҚР Біріншілігі барысында 2003 жылғы балалар өз санатында азулы команда болатын, сондықтан топ жарып, жүлделі орындарға ие болады деген үміт болды, алайда ол үміт ақталмады. Жігіттер өз күш жігерін танытып, «Қайрат», «Астана», «Ертіс» сияқты азу қарсыластарын жеңген болатын.
Сонымен қатар, 2000 жылғы балалар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Маусым барысында осы ойыншылардың ішінен төмендегі ойыншылар «Жетісу-М» командасының құрамында өнер көрсетті.
1. Хасейн Мади – 39 ойын, 6 гол.
2. Ильясов Калижан – 17 ойын.
3. 3.Аскаров Алихан – 17 ойын.
4. 4.Маратов Елдос – 8 ойын, 2 гол.
5. 5.Прокин Алексей – 4 ойын.
6. 6.Кахмулдинов Жомарт – 4 ойын.
7. 7.Тусупбеков Санжар – 1 ойын
18-19 жастағы жас санаттарының ерекшелігі кімнің ойна, кімнің аяқтайтынын анықтап беретін санат. 1999 жылғы балаларды Біріншілікке қосу дұрыс шешім болды деп ойлаймын, - деп атап өтті А.Арыстанбаев.
2000 жылғы балалар қосалқы құрамға ұсынылып қана қоймай, «Жетісу-М» командасының негізгі құрамына бекітіліп қойған болатын.
ҚР Біріншілігінің қола жүлдегерлері болған 1999 жылғы туылғандар өткен маусымның қорытындысы бойынша «ЖетісуМ» командасының құрамына ауысқан болатын. ФО сапалы, мықты ойыншылармен «Жетісу-М» командасына толықтыру бағытында жүйелі жұмыс жасап келеді.
Клуб басшысы С.Мұқанов жақсы ойыншыларды облыс аудандарынан іріктеу керек екендігін атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығын ескертті.
 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 "Жетісу" кәсіпқой футбол клубы, Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда сайтқа сілтеме жасау міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru