Жаңалықтар
«ЖЕТІСУ» - «ОРДАБАСЫ» - 2:3
18 Тамыз, 2020
136


Футболдан ҚР OLIMBET-Чемпионатының карантиндік үзілістен кейінгі 4 туры сәтсіз басталды.
4-тур аясында өткен матч Алматының «Орталық стадионында» «Жетісу» мен «Ордабасы» командалары арасында өрбіді.
Матч ә дегенде жетісулықтар үшін сәтті басталып, 2:0 есебімен басымдық танықтан еді. Гол авторлары португалдық Эуженио Педро және болгарлық Мартин Тошев.
Алайда, үзіліске дейін ақ қарсыластар басымдықты өз қолына алып, есе қайтаруға тырысты. 1-ші кезеңнің соңында «Ордабасы» қорғаушысы Александр Симчевич, ал екінші кезеңде Сергей Хижниченко, Пауло Жоао мергендігімен танылып, командаларына жеңіс силады.
Қорытынды есеп 2:3. Жеңіс «Ордабасы» командасының қанжығасында кетті.